Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру және басым салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді.
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Роман Скляр журналистерді Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру және энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғырту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялар тарту бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Үкімет отырысында ҚР Президентінің мемлекеттік орман қорын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндама жасады.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның алдағы жылу беру маусымына дайындығы қаралды. Еліміздің энергетика және коммуналдық шаруашылығы саласындағы инфрақұрылым мәселелерін шешу Президент Жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі. Осыған орай, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасап, қазіргі атқарылып жатқан жұмыс туралы мәлімет берді.
Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысының денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Үкіметі Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысты.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен кездесіп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша аудан және ауыл әкімдерімен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдерге 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек екенін тапсырды.
Премьер-Министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласында бірқатар міндет қойды. Жыл соңына дейін Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін цифрландыруды аяқтау, ал келесі жылдың соңына дейін бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысының бірқатар ұйымы басшыларымен өткен кеңесте айтты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Парламент депутаттарымен кездесу өткізіп, онда ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде шаралар ұсынды. Кездесуге оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша әлеуметтік салада нақты шаралар іске асырылатын болады. Ең алдымен, елімізде өз филиалын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарына қатысты Бірыңғай талаптар қабылданады. Аталған тақырыпта Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады.
Тестовое Постановление Правительства
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы №970 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 қарашадағы №959 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №948 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №945 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы №939 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №927 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №926 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №929 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №925 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қарашадағы №919 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №912 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №887 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №890 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы №880 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қазандағы №874 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №866 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №863 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №867 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы №861 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы №857 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы №838 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №820 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №818 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №773 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы №815 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №803 қаулысы