ҚР Үкіметінің отырысы, 09.07.2024

9 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев, «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Алибаева және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

  • Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына қарай республикалық жолдардың барлығын нормативтік жағдайға келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бүгінде елімізде 12 мың шақырым күре жолдарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүруде, бұл – рекордтық жоғары көрсеткіш. Атап айтқанда, жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі Көлік министрлігінің деректеріне сәйкес, жыл соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.

  • Сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрі жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, жол инфрақұрылымын дамыту мәселесін кешенді түрде шешуді тапсырды. Бұл ретте Олжас Бектенов жол құрылысы кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмыстарын да күшейту керектігін баса айтты. 

  • Үкімет басшысы жол сапасына әсер ететін жалпыға ортақ жолдарда ауыр жүк таситын карьерлік автокөліктердің жүруі негізгі мәселелердің бірі екеніне тоқталды.

  • Олжас Бектенов жыл сайын жұмыс қыза бастаған шақта туындайтын жол-құрылыс материалдардың тапшылығы мәселесіне назар аударды. Көлік министрлігіне инертті материалдардың, техникалық және еңбек ресурстарының бар-жоғына ревизия жүргізу, сондай-ақ битуммен уақытылы қамтамасыз ету тапсырылды.

  • Сонымен қатар Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов елімізде қолданыстағы жол инфрақұрылымы бар су өткізу құрылыстарының болуы туралы өзекті мәселені көтерді.

  • Сондай-ақ Үкімет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңда жол құрылысында ЕРСМ – Engineering Procurement and Construction Managemen (жобалау, инжиниринг, жеткізу және құрылысты басқару) қағидаты бойынша «басынан аяғына дейін» енгізу тәсілі көзделгенін атап өтті. Енді оны іске асырудың нақты тетіктері қажет.

  • Бұдан басқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы жобасының тәжірибесін ескере отырып, бюджеттік жобаларды іске асыруды жүзеге асыру тетігін шұғыл түрде әзірлеу және бекіту тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу