ҚР Үкіметінің отырысы, 19.11.2024

19 қарашада Үкімет үйінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берілген тапсырмаларын іске асыру; ішкі нарықта тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру жөніндегі шаралар мәселелері қаралды. Қаржы, денсаулық сақтау, білім, сауда және интеграция министрлері, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік вице-министрлері баяндама жасады.
  • Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биылдың өзінде-ақ Президенттің 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды бастау туралы тапсырмасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
  • Энергетика вице-министрі Еран Ақкенженов республикада электр стансалары мен жылу желілерін жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
  • Қаржы министрі Мәди Такиев Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасының іске асырылуы туралы баяндады.
  • Оқу-ғарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
  • Техникалық реттеу және метрология бағыттары бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев баяндама жасады.
  • Өнімді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.  
  • Премьер-министр өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы министрліктеріне импортқа тәуелділік деңгейін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
  • Олжас Бектенов қаржы министрінің жеке тұлғалардың 90%-дан астамының кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады.
  • Денсаулық сақтау министрлігіне балалар тамағын ұйымдастыруды мониторингілеу және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ өңір әкімдеріне тамақтану құнын арттыру бойынша қаражат бөлу тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу