10 Шілде 2017, 09:20
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейониспен кездесті.
Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Анықтама:
Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн долл. құрады (экспорт – 93,5 млн долл., импорт – 32,7 млн долл.).
2017 жылдың қаңтар-сәуірінде: $31,8 млн (экспорт – $25,3 млн, импорт – $6,5 млн). Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу