Астанада Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесі өтіп жатыр

Бүгін Астанада, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында, V мерейтойлық Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесі өтіп жатыр, оның алаңында мемлекеттік органдар, дипломатиялық миссиялар, бизнес, зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиналды.

Кеңесте қазақстандық компаниялардың өкілдері машина жасау саласындағы соңғы үрдістерді талқылап, желілерін кеңейтеді және жаңа іскерлік серіктестер таба алады, жаңа жобаларды талқылайды және әзірлейді, трансшекаралық байланыстарға бастамашы болып, соңғы австриялық технологиялар мен ноу-хау туралы біле алады.  

Қазақстан Машина жасаушылары одағының төрағасы Мейрам Пішембаев 5 жылда Қазақстан-Австрия ынтымақтастығы оң динамиканы көрсеткенін атап өтті. Қазақстанға Австрия тарапынан инвестициялар сомасы 4 млрд доллардан асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Австрияға экспорт 663,9 млн еуроны, Австриядан Қазақстанға импорт - 224,6 млн еуроны құрады.

Қазақстан Австрияға мұнай, бидай, кен, металдар экспорттайды.

Бірлескен жобалар саны 43 компанияға дейін артты, олардың ішінде OMV, Kapsch, Strabag, Bertsch, Porr, Siemens, Swarovski, VAMED, Doppelmayr, Christof Group бар. Теміржол рельстерін, темір жолдарға арналған сенсорлық технологиялар әзірлеу, крандар жеткізу және теңіз және мобильді порттық крандарға арналған қызмет көрсетудің жергілікті сервис орталығын құру бойынша ынтымақтастық реттелді.   

Бүгінде Қазақстан-Австрия серіктестігі машина жасау, ТМК, химия, мұнай химиясы, фармацевтика, логистика, туризм секілді өңдеу өнеркәсібі секторына бағытталған.

Іскерлік кеңеске Австрия Республикасының ғылым, зерттеулер және экономика вице-министрі және бірлескен Австрия-Қазақстан комиссиясының тең төрағасы Бернадетт Гирлингер, ЭКСПО-2017-дегі Австрия Үкіметінің комиссары, Австрия экономикасы Федералды палатасының вице-президенті, Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Рихард Шенц, Австрия экономикасы Федералды палатасының Сыртқы экономика қызметінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Михаэль Ангерер, Австрия экономикасы Федералды палатасының Сыртқы экономика қызметінің бас операциялық директоры Патрик Загмайстер, Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры Ботагөз Әбішова қатысады. 

Жалпы, кеңесте 100-ден астам австриялық компания ұсынылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу